Қоғамдық жұмыстар
Шығыс Қазақстан облысының «Еңбек ұтқырлығы орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қоғамдық жұмыстарды жұмыспен қамту орталықтары жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамту мақсатында ұйымдастырады.
Қоғамдық жұмыстарға қатысу ұзақтығы 12 айдан аспайды.
Қоғамдық жұмыстарға қатысуға мына адамдардың құқығы бар:
1) жұмыссыздар
2) жалпы білім беретін мектептердің студенттері мен жоғары сынып оқушылары бос уақытында, денсаулыққа зиян келтірмейтін және оқу процесін бұзбайтын жұмыстарда;
3) бос тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдар.
Қоғамдық жұмыстарға қатысуды дәлелді себептермен өз еркімен тоқтатқан жұмыссыздар жұмыссыз ретінде есептен шығарылады және жұмыссыз ретінде қайта тіркелген күннен бастап үш ай өткен соң ғана қоғамдық жұмыстарға қайта жіберіледі.
Қоғамдық жұмыстарға қабылданған кандидатпен жұмыс беруші Еңбек кодексінің 33-бабына сәйкес еңбек шартын жасайды. Жұмыс беруші қоғамдық жұмыстарға қатысатын адаммен еңбек шартын жасасу және бұзу туралы мәліметтерді Еңбек кодексінде белгіленген тәртіппен еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесіне енгізеді.
Қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамның еңбек қызметінің мерзімі оның еңбек өтіліне есептеледі.
Қоғамдық жұмыстарға қатысатын азаматтардың еңбегіне ақы төлеуді халықты жұмыспен қамту орталығы ай сайын жүргізеді.