2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың жаңа бизнес-идеяларын іске асыруға гранттар беру туралы ақпарат
Шығыс Қазақстан облысының «Еңбек ұтқырлығы орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Гранттар жұмыссыз немесе жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу мерзімі үш жылдан аз жеке кәсіпкер ретінде грант алуға өтініш бергенге дейін тіркелген жағдайда халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі.
Жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға гранттар айлық есептік көрсеткіштің 400 еселенген мөлшеріне дейін өтеусіз және қайтарымсыз негізде, сондай-ақ гранттар біржолғы беріледі.
Үміткерде 3 жылдан аспайтын мерзімге «Bastau Business» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту сертификаты болуы керек.
Кәсіпкерлік негіздеріне оқытудан өту үшін әлеуетті қатысушы skill.enbek.kz порталында тіркеледі.
Грантқа өтінімдер business.enbek.kz порталындағы ағындар бойынша қабылданады.
Гранттар халықтың әлеуметтік осал топтарына беріледі, оған мыналар кіреді:
1) атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
2) көп балалы отбасыларға жәрдемақы алушылар және (немесе) оның жұбайы;
3) асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдерді алушылар;
4) мигранттар;
5) қандасы;
6) еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектер;
7) мүгедек баланы (мүгедек балаларды) және (немесе) оның жұбайын (зайыбын) тәрбиелеп отырған адамдар.
Грант алудың міндетті шарттары:
1) өтініш берушінің Порталда белгіленген талаптарға сәйкестігі туралы нәтижелердің болуы;
2) комиссияның оң шешімінің болуы.