Мамандандырылған жұмыс орындары
Шығыс Қазақстан облысының «Еңбек ұтқырлығы орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Мүгедек үшін арнайы жұмыс орнын құру туралы ақпарат
Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орны құрылады; субсидиялар жұмыс берушілерге арнайы жұмыс орындарын жабдықтау үшін жабдықты сатып алу, құрастыру және орнату шығындарын өтеу үшін беріледі.
«Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілердің шығыстарын субсидиялау қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2017 жылғы 28 тамыздағы No 280 бұйрығын орындау мақсатында мүгедектер үшін арнайы жұмыс орындарын ашатын жұмыс берушілерге субсидиялар беру тәртібі мен шарттары айқындалды.
Арнайы жұмыс орындарын құруға байланысты жұмыс берушілерді субсидиялау жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды міндеттемелер мен төлемдер бойынша бекітілген қаржыландыру жоспарларына сәйкес және аудандардың (облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың) бюджеттері осы мақсаттарға бөлетін сомалар шегінде республикалық бюджет қаражаты есебінен жұмыспен қамту орталықтары жүзеге асырады.
2022 жылы тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедекке бір арнайы жұмыс орнын ашуға 765 000 теңге, есту қабілеті бұзылған адамға 1 004 250 теңге бөлінді.
Халықты жұмыспен қамту орталығы жыл сайын 1 қарашаға қарай қаржыландыру лимиті негізінде арнайы жұмыс орындарын құратын жұмыс берушілерден осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша немесе Еңбек биржасы арқылы алдағы қаржы жылына арналған өтінімдерді жинайды.
Жұмыспен қамту орталығына жүгінген кезде өтінішке мыналар қоса беріледі:
1) арнайы жұмыс орындарын жабдықтауға арналған шығыстар сметасы;
2) банк шотының болуы туралы анықтама.
Барлық сұрақтар бойынша Бейбітшілік к-сі, 9, тел. +7 700 956 98 37.
Пайдалы ақпарат:
Мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған жұмыс орындары