Жастар тәжірибесі
Шығыс Қазақстан облысының «Еңбек ұтқырлығы орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бос орынды қарау
Жастар практикасы барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда ұйымдастырылады, қатысуға салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды тұрақты түрде төлейтін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ, кәсіпкерлік саласында бір жылдан астам жұмыс істеген жұмыс берушілер жіберіледі.
Мүгедектер, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар, пробациядағы адамдар үшін құрылған жұмыс орындарын қоспағанда, алдағы қаржы жылына жастар тәжірибесін ұйымдастыру үшін құрылатын уақытша жұмыс орындарының саны қызметкерлер тізімінің 20 пайызынан аспауға тиіс.
Жұмыс беруші «Электрондық еңбек биржасында» «жеке кабинеті» арқылы ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасына дейін келесі қаржы жылына жастар тәжірибесін ұйымдастыруға электрондық өтінішті халықты жұмыспен қамту орталығына береді.
Жұмыс берушілердің тізімі қажеттілікке қарай күнтізбелік жыл бойы жаңартылады.