Күміс дәуір
Шығыс Қазақстан облысының «Еңбек ұтқырлығы орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бос орынды қарау
«Күміс дәуір» жобасы барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда ұйымдастырылса, салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды тұрақты төлейтін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ, жұмыс істеп жатқанына бір жылдан астам жұмыс берушілер қатыса алады.
Келесі қаржы жылына «Күміс дәуір» жобасын ұйымдастыру үшін құрылған уақытша жұмыс орындарының саны қызметкерлер тізімінің 20%-нан аспайды.
Жұмыс беруші «Электрондық еңбек биржасында» «жеке кабинет» арқылы ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасына дейін халықты жұмыспен қамту орталығына кезекті қаржы жылына бірінші жұмыс орнын құру туралы электрондық өтініш береді.