Қоғамдық жұмыстар
Шығыс Қазақстан облысының «Еңбек ұтқырлығы орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бос орынды қарау
Қоғамдық жұмыстар барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда ұйымдастырылады, салық және басқа да әлеуметтік аударымдарды тұрақты төлейтін, жалақы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ, кәсіпкерлікте бір жылдан астам жұмыс істеген жұмыс берушілер қатысуға жіберіледі.
Облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және астанада қызметін жүзеге асыратын жұмыс берушілер қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға екі жылда бір рет қатысады.
Мүгедектер, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар және пробациядағы адамдар үшін құрылған жұмыс орындарын қоспағанда, алдағы қаржы жылына қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін құрылатын уақытша жұмыс орындарының саны қызметкерлер тізімінің 40 пайызынан аспауға тиіс.
Жұмыс беруші Электрондық еңбек биржасында «жеке кабинет» арқылы ағымдағы қаржы жылының 1 қарашасына дейін халықты жұмыспен қамту орталығына кезекті қаржы жылына қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға электрондық өтініш береді.
Қоғамдық жұмыстарға қатысатын адамдардың еңбекақысының мөлшерін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды және экологиялық жәрдемақылар бойынша төлемдерді қоспағанда, пайдаланылмаған демалыс уақыты үшін өтемақыларды ескере отырып, кемінде 20 (жиырма) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде белгілейді.
Қоғамдық жұмыстарға қатысатын азаматтардың еңбегіне ақы төлеуді халықты жұмыспен қамту орталығы ай сайын жүргізеді.