Жұмыссыз азаматтарға онлайн курстан өту мүмкіндігі беріледі – тегін!
Шығыс Қазақстан облысының «Еңбек ұтқырлығы орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Үйренуді бастаңыз
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әзірлеген skill.enbek.kz порталы жұмыспен қамту орталықтарында тіркелген жұмыссыз азаматтарға онлайн курстардан өтуге мүмкіндік береді.
Портал келесі мамандықтар мен кәсіби салалар бойынша тегін курстарды ұсынады:
1) копирайтинг;
2) дизайн (анимация, веб-дизайн, баспа дизайнері);
3) автомобиль көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру;
4) жылыжай шаруашылығы (құлпынай, көкөніс, микрожасыл, саңырауқұлақ, лимон, қызанақ өсіру);
5) пішу және тігу;
6) кассир;
7) кондитерлік өнімдер;
8) адам ресурстарын басқару (HR);
9) ауыл шаруашылығы (құс, асыл тұқымды мал, қоян, балық өсіру);
10) омарта шаруашылығы;
11) сабын жасау;
12) туризм секторындағы кәсіпкерлік (қонақ үй бизнесі, туристік маршруттар, агротуризм, іскерлік туризм).
Ресурс мемлекеттік және орыс тілдерінде жаңа білім мен дағдыларды алуға мүмкіндік береді. Сайтта көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқасы да бар. Курстарды аяқтаған соң Сертификат беріледі.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Сізде «жұмыссыз» мәртебесі болуы керек. Онлайн курсқа қатысу үшін skill.enbek.kz немесе enbek.kz «Онлайн оқыту» сілтемесі арқылы өту қажет. Жүйеге кіріп, экранның оң жағындағы сүзгіні пайдаланып қалаған курсты таңдаңыз. Бейне нұсқаулары қамтылған.
Курстардың авторлары мен әзірлеушілері қазақстандық заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер, оның ішінде оқу орталықтары мен білім беру ұйымдары. Жаңадан бастаған авторлар мен әзірлеушілер үшін Портал онлайн курстарды және оларға қойылатын талаптарды құру бойынша әдістемелік ұсыныстар дайындап, орналастырды.
Барлық сұрақтар бойынша +7 700 956 9834 нөміріне хабарласыңыз