Жастар тәжірибесі
Шығыс Қазақстан облысының «Еңбек ұтқырлығы орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бос орынды қарау
Жастар практикасы соңғы 3 (үш) жыл ішінде оқуын аяқтаған және жасы 35 (отыз) жастан аспаған, алған кәсіп (мамандығы) бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының түлектері қатарынан жұмыссыз тұлғаларға арналған.
Жастар тәжірибесі бойынша жұмыс уақытша. Жастар практикасының ұзақтығы 12 (он екі) айдан аспайды.
Жұмыссыздардың еңбекақысын қаржыландыру еңбек шартына сәйкес 12 (он екі) айдан аспайтын мерзімге жүзеге асырылады.
Жастар практикасына қатысу үшін жұмыссыздар халықты жұмыспен қамту орталықтарына келесі құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Еңбек кодексі) 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттар (бар болса);
3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің болуын растайтын құжат
Жұмыссыздың айлық жалақысы экологиялық жәрдемақы төлемдерін қоспағанда, салықтарды, міндетті әлеуметтік аударымдарды, пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін өтемақыларды және банктік қызметтерді есепке алғанда 30 (отыз) айлық есептік көрсеткіштен кем емес.
Жұмыс беруші кәсіптік білімі мен жұмыс тәжірибесін беру үшін жұмыссызға тәжірибелі жұмысшылар арасынан тәлімгер тағайындайды.
Жастар тәжірибесінен өту мерзімі жұмыссыздың еңбек өтіліне есептеледі.