Әлеуметтік жұмыс орындары
Шығыс Қазақстан облысының «Еңбек ұтқырлығы орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Әлеуметтік жұмыс орнын жұмыс беруші жұмыссыздарды еңбекақысын субсидиялау арқылы жұмысқа орналастыру үшін құрады.
Әлеуметтік жұмыс орындары жұмыссыздар үшін құрылады, олардың ішінде «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңның 20-бабы 2-тармағының 1) - 9) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға басымдық беріледі:
1) он алты жастан жиырма үш жасқа дейінгі балалар ауылының тәрбиеленушілері және балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері;
2) зейнеткерлік жасқа дейінгі адамдар (зейнеткерлікке шығуға екі жыл қалғанда);
3) мүгедектер;
4) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және (немесе) мәжбүрлеп емдеуден өткен адамдар;
5) пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар;
6) кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеп отырған жалғыз басты ата-аналар, көп балалы ата-аналар;
7) жеті жасқа дейінгі балаларды, мүгедек баланы немесе бірінші және екінші топтағы мүгедектерді күтетін адамдар;
8) қандасы;
9) терроризм актісі салдарынан зардап шеккен адамдар және оның жолын кесуге қатысқан адамдар.
Әлеуметтік жұмыс орындарындағы жұмыс уақытша.
Азаматтардың әлеуметтік жұмыс орындарына қатысу ұзақтығы 12 (он екі) айдан аспауға тиіс.
Әлеуметтік жұмыс орнына жұмысқа орналасу үшін өтініш беруші халықты жұмыспен қамту орталығына нысан бойынша және мынадай құжаттарды қоса бере отырып өтініш береді:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) еңбек қызметін растайтын құжаттар (бар болса);
3) білімі туралы құжат (бар болса).
Әлеуметтік жұмыс орнындағы адамның еңбек қызметінің кезеңі оның еңбек өтіліне есептеледі.